Азат елдің аспаны ашық

07.12.2016 ж. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі және латын тілі курсымен кәсіби орыс тілі кафедрасы «Нұр Отан» ХДП филиалы,

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша басқармасымен бірігіп  сағ. 12.30 – 14.00 университет кітапханасының оқу залында «Азат елдің аспаны ашық» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дөңгелек үстел шарасын өткізді. Ұйымдастырушылары кафедраның аға оқытушылары:  З.Қ.Көкенова, Г.Ж.Тұрысбекова, Ж.А.Оспанова.

Қатысушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Шоқан  Уәлиханов ат.Тарих және этнография ҒЗИ  тарих ғыл.канд. Төленова З. М., ҚазҰМУ Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы проф. Қүлманбетов И.Ә., Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер  кафедрасының  доценті Ғ.Т.Рсалдина, М.Әуезов ат.Қазақ драма театрының артисі Сейтімбет Үсіпхан, Әлеуметтік тәрбие жұмысы бойынша басқарма бастығының орынбасары  Байзаханов А.А., С.Асфендияров ат.ҚазҰМУ 1 – 2 курс студенттері, кафедра оқытушылары мен кітапхана қызметкерлері белсенді қатысып, ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бейнефильмді көріп шығып,  іс -шараның модераторы З.Қ.Көкенованың басқаруымен аталмыш қонақтардың барлығы тақырып аясында қызықты еліміздің тарихына қатысты әңгімілерін айтып, жастармен сұхбаттасты.

Театрдан келген қонағымыз   М.Әуезов ат.Қазақ драма театрының артисі Сейтімбет Үсіпхан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тікелей қатысушысы, зардап шеккен тұлға ретінде шынайы  еліміздің тәуелсіздігінің бастамасы сол жылдардан екендігін атап өтіп, пікір бөлісіп, жастарға қол жеткізген азаттықты, тәуелсіздікті, еліміздің  тұрақтылығын, бейбітшілігін қадірлеп, сақтай білу қажеттілігі өте маңызды екендігіне  көңіл бөлді, келе жатқан еліміздің мерейтойына  арнап домбырамен ән салып берді.

Зал тақырыпқа сәйкесті безендірілген: кітапхана қызметкерлері арнайы кітап, фотоматериал  көрмесін стеллаждарда дайындаған; кафедра ұйымдастырушылары аға оқытушылар  Г.Ж.Тұрысбекова мен Ж.А.Оспанованың әзірлеуімен, іс -шараның атауын, даналар сөздері  плакаттарда жазылып ілінген; ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнематериал слайд ретінде көрсетілімді және т.б. техникалық құралдарды қолданған.

Аталмыш іс- шараның тәрбиелік мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен азаттығын қадірлеп сақтай білу; бейбітшілік заманда өмір сүріп, еліміздің өркениетін арттыру, жастардың  отансүйгіштік сезімдерін  дұрыс бағытта қалыптастыру.

 

 

           Кафедраның аға оқыт. З.Қ.Көкенова

БАҒДАРЛАМА

  

  1. ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады.
  2. Іс-шараның модераторы С. С.Асфендияров ат.ҚазҰМУ Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы проф.  Исатай Әзімұлы Қүлманбетов — кіріспе сөз.
  3. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Шоқан Уәлиханов ат.Тарих және этнография ҒЗИ  тарих ғыл.канд. Төленова Зирабүбі Маймаққызы . дөңгелек үстел тақырыбы бойынша ойбөлісу.
  4. С.Асфендияров ат.ҚазҰМУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік -гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Мәлік Ғалым «Тәуелсіздік — тұғырым»  тақырыбындағы баяндамасы.
  5. М.Әуезов ат.Қазақ драма театрының артисі Сейтімбет Үсіпхан – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының қатысушысы ретінде, Тарихи оқиғалардың 30 жылдығына орай  ҚР Тәуелсіздіктің батырлары туралы пікіралмасу, арнайы монолог пен әндер орындау.
  6. «Тәуелсіздік жылдары» бейнефильм.
  7. Пікіралмасу.
  8. Қорытынды сөз.