Артур Конан Дойлдің өмірі мен шығармашылығына арналған “Зұлымдықпен күресу – бұл менің міндетім” атты әдеби кеш

«Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасы студенттермен жұмыс істеу басқармасымен бірлесе отырып универистеттің стратегиялық жоспарына сәйкес 2016 жылдың 8 желтоқсан айында ұлы ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдің шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізді. Кештің ұйымдастырушылары: кафедра меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова,  кафедраның оқу- ісінің меңгерушісі, аға оқыт. А.А. Садыкова  және аға оқыт. И.В. Лозенко.

Кешті ҚазҰМУ студенттерімен жұмыс істеу басқарманың бастығы Шынгысбаев Лескен Сейдыгалымович ашты.

Әдеби – кеште «Жалпы медицина» және фармация факультеттерінің 100-ден астам 1, 2 курс студенттері қатысты, кешті  өткізуге №15-001-1/2, 15-002- 1, 15-027 -1/2, 16-032 –1/2, 15-028-1 топ студенттері ат салысты.

Әдеби- кеште студенттер Артур Конан Дойлдің өмірі мен әдеби шығармашылығы жайында ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде үлкен презентация дайындады, «Изгнанники» атты тарихи романнан үзінді көрініс көрсетті, романнан эпизодтар Артур Конан Дойлдің түпнұсқалы әдеби стилін сақтай отырып әдеби ағылшын тілінде дайындады.

Әдеби кешке студенттер үлкен қызығушылықпен қатысқанын атап көрсеткіміз келеді.

Өткізілген іс-шара тәрбиелік және танымдық мәнге ие болды және ҚазҰМУ студенттерінің тұлғалық қасиетін қалыптастыруына үлес қосты. Студенттер өз білімін кеңейтіп классикалық әдебиеті және Ұлыбританияның мәдениеті туралы ақпарат алды.