“Артында өшпес із қалдырған,ел еңсесін биіктеткен ұлы тұлға!”

“Артында өшпес із қалдырған,ел еңсесін   биіктеткен ұлы тұлға!”

 

10.10.2014 жылы      С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіңің Фармацевтика факультетінің және Фармацевт-менеджер модулінің ұйымдастыруымен С.Ж.Асфендияровтың 125 жылдығына орай өткізілген “Артында өшпес із қалдырған,ел еңсесін биіктеткен ұлы тұлға!”  атты конференциясы өткізілді.Іс шараға Фармацевтика факультетінің деканы Датхаев У.М., декан орынбасары Жузенов А.А., және де әр модуль ұстаздары ерекше қонақ ретінде қатысты.Студенттеріміз арныйы дайындап келген докладтарын оқып,ақындарымыз С.Ж.Асфендияровқа арнап шығарған өлен жолдарын ұсынды.Атап айтар болсақ Манатова Меруерт фармация факультетінің 2 курс студенті, Әбдіғаппар Айгүл  фармацевтикалық өндіріс технологиясының 1 курс студенті өз шығармашылықтарын оқыды.

С.Ж.Асфендияров туралы ізденіп,қызықты мәліметтермен таныстырып доклад оқыған студенттеріміз- Әмір Ақмаржан фармация 2 курс студенті, Серікбаева Жүрсінай фармацевтикалық өндіріс технологиясының 1 курс студенті, Құмарбекова Жансая фармация 2 курс студенті.

Қонақтар мен студенттер назарына С.Ж.Асфендияров туралы кең ауқымды мәліметті қамтыған деректі фильм ұсынылды.Студенттерімізге кері байланыс ретінде алғашқы ректорымыз туралы сұрақтар қойылып,белсене ат салысқан студенттерімізге сыйлықтар тапсырылды.Конференцияға қатысушы студенттер алғыс хат пен шағын сыйлықтармен марапатталды.

Университетіміздің алғашқы ректоры,ұлт мақтанышы С.Ж.Асфендияровтың өмірбаяны,өмір жолы,отбасы,қызметі,елімізге қосқан үлесі туралы танысып,ел еңсесін биіктеткен ұлы тұлға туралы көп мәлімет алдық! С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде оқитынымызды мақтан етеміз!