Белоруссия Республикасының Витебск қаласында ұйымдастырылған «XXI ғасыр СТУДЕНТТІК МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫ» атты студенттердің XIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Фармация факультетінің 3 және 4 курс студенттері Белоруссия Республикасының Витебск  қаласында ұйымдастырылған «XXI ғасыр студенттік медицина ғылымы» атты студенттердің XIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып, жүлделі орындармен оралды. Фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенттері Кабдолданова А.Б. – 1 орын, Козина А.Б. – 2 орын және де «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенті  Джалгасбаев Т.Б. – 3 орынды  иеленді. Конференцияға қатысқан студенттердің және фармацевтика факультетінің атынан С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры, профессор Айқан Ақанұлы Ақанов мырзаға қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.