БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

2016 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНЫҢ 13-ШІ ЖҰЛДЫЗЫНДА С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-НІҢ CONCORDIA ТЕАТРЫНДА ФАРМАЦЕВТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

 

Фармацевтика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасының модераторы міндетін Фармацевтика факультетінің деканы, доцент Қ.Қ.Қожанова және «Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі, фарм.ғ.д., доцент З.Б.Сакипова атқарды. Факультет деканы бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, бүгінгі іс-шараға қатысушы түлектерге жақсы мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Жәрмеңкеге бірнеше фармацевтикалық компаниялардың өкілдері өз ұсыныстарымен келіп, компанияларының жетістіктері жайлы ақпараттандырылған түрліпрезентациялар, видеофильмдер, банерлар және арнайы жарнама ретінде таратылатын брошуралар арқылы таныстырды. Сонымен қатар әр бір фирмадан келген өкілдерге сөз кезегі ұсынылды. Атап айтсақ, ҚР РМКҰ «СМО» Алматы филиалы,Сот медицина орталығының өкілі Дарикулова Багимгул Ормановнаға, ТОО Келун Казфарм фирмасының өкілі Бижигитова Газизаға, ТОО «Dolche pharm»фирмасының өкілі факультетіміздің түлегі Лукманова Кұралайға, ТОО MEDICUS CENTER дистрибьюторлік компаниясының өкілі,факультетіміздегі докторантура бөлімінің түлегі, PhDОмырзаков Манас Тоқтасынұлына, АҚ Химфарм фирмасының өкілі Кузьмина Дарьяға, ТОО «ФитОлеум»фирмасының өкілі Куатова Айгеримге, ТОО «Viva pharm»фирмасының өкілі Б.А.Машкеевке, «Медиоартлаб»фирмасының өкілі Арием Гульжан Мухамеджановнаға, ТОО «SP Pharma Holding»фирмасының өкілі Сериев Адильхан Сейдахметовичке, Фарм компания «Материя –медика»фирмасының өкілі Ефремов Максимге. Келесі кезекте факультеттің барлық модуль жетекшілеріне сөз берілді. Модуль жетекшілері өз ұсыныстарымен келген барлық компания өкілдеріне өз алғыстарын білдіріп, жоғары білімді түлектер дайындап жатқандықтарын айтып, түлектерге сәттілік тіледі. Іс-шара соңында, түлектер барлық фармацевтикалық компания өкілдерімен жеке пікір алмасып, Фармацевтика факультетінің түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушы фармацевтикалық компания өкілдерімен байланыс мәліметтерімен алмасып тарасты.

2015-2016 оқу жылы бойынша Фармацевтика факультетін тамамдайтын түлектердің жалпы саны 5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша 103, 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 34 кісі, оның ішінде «Фармация» мамандығы бойынша 83, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 22 бітіруші түлектердің жұмыс орындары дайын.