БІЗ ФАРМАЦЕВТ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕ ҚАРСЫМЫЗ!

18 наурыз 2017 жыл С.Ж. Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ-ң фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы  факультетінде,  105 конф.зал, 1500-де   «БІЗ ФАРМАЦЕВТ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІНЕ ҚАРСЫМЫЗ!»-атты тәрбиелік іс-шара өтілді.

Ұйымдастырушы:  ҚазҰМУ-ң Этикалық Кеңес төрайымы Мұстафина Ж.Ғ.

Модератор: Фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Бағдарламаға сәйкес фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К. жастарды жемқорлыққа қарсы үгіт насихаттау, жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікке тәрбиелеу, жемқорлықты  тоқтатуға ат-салысу, жастарға жемқорлық бойынша құқықтық сауаттылығын ашу мақсатында және  оның қоғамға алып келетін зиянды  жақтары  туралы «Жемқорлыққа жол жоқ!»-атты баяндама жасап, жемқорлық туралы видеофильм көрсетті.

Сонымен қатар, студенттердің жемқорлыққа байланысты өзекті сұрақтары талқыға салынып, пікір талас болды. Этикалық Кеңестің төрайымы Мұстафина Ж.Ғ.  пікір-таласта жастарға үнемі дұрыс бағдар сілтеме жасап, студенттерге қазіргі қоғамда жемқорлыққа қарсы саяси бағдарламаны қалай жүзеге асыру туралы көптеген мағлұматтар бере отырып, өзінің қорытынды сөзімен аяқтады. Іс-шараға фармацевтика мамандықтарының белсенді студенттері жұмылдырылды.