«Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер Ғабиден Мұстафинге — 110 жыл»

Бүгін қарашаның 21-ші жұлдызында фармация факультетінің 2 топ І курс студенттері мен стоматология факультетінің 3 топ І курс студенттері «Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер Ғабиден Мұстафинге — 110 жыл» атты көрме тамашалады. Көрме университетіміздің ұлттық кітапханасында өткізілді. Көрмені ұйымдастырушылар қазақстан тарихы және саясаттану модульінің аға оқытушылары Ғ.Т.Рсалдина С.А.Жолдыбаева, С.М.Илгидаева болды. Көрмеде қазақ әдебиетінің інжу-маржаны, жарық жұлдызы Ғабиден Мұстафиннің ғұмыры жайлы көптеген мәлімет алдық. Оның елім деп соққан елжіреген жүрегінен шыққан әрбір туындылары қазақ рухын шабыттандырып қана қоймай, бүгінгі өскелең жас ұрпақ, аға буынға рухани азық пен қайратқа толы тәлім- тәрбие береді.

Жазушының: «Арман деген көп белес,                                                                                                               Біріне шықсаң, бірі бар»                                                                                                                «Жақсы тәртіп әдетке айналса- ырыс,                                                                                             Жаман тәртіп әдетке айналса- қырсық» және т.б. көптеген афоризмдері қазақ әдебиетінің өзіне сай төрінен орын алып толықтыра түскендей жарқырайды. Ендеше осындай ерекше дана тумасы бар қазақ халқы Ғ. Мұстафин атамызбен мақтана да, марқая білсін!

Осының бәрін көз көрген қызы Жанар Ғабиденқызы Мұстафина қазіргі таңда «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің» ректорының кеңесшісі, құрметті профессоры қызметін атқарады. Ол кісінің университетке сіңірген еңбегі ұшан теңіз және айтқан әрбір ұранды сөздері елге деген патриоттық сезімді одан әрі нығайта түседі. Университетіміз қашанда осындай ірі тұлғаларымен мақтанады және ұлықтап құрметтейді. Олар қазақтың кең дарханды абзалдары, баға жетпес қазыналары.

«Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер Ғабиден Мұстафинге 110 жыл» атты көрмеден әрине қай қазақ болмасын, мейлі ұлты өзге  болсын  тек қана жақсы жағынан өзіне жақындатады да әсерлі рухани рахатқа бөлейді.

Осындай кемелді түрде бізге көрме ұйымдастырған аға оқытушылар Ғ.Т.Рсалдина,  С.А.Жолдыбаева және С.М.Илгидаева апайларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

 Фармация факультетінің 12-002 топ студенттері