«Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулі сенбілік өткізіп қайтты

Университетіміздің дамуына арналған тұжырымдамаға сәйкес әр бөлімшеге бір-бір балалар үйінен бөлініп берілген. Осыған орай «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модуліне арнайы (коррекциялық) №6 интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаты бөлінген болатын. Жыл бойына модуліміз аталған мектеп-интернатымен тәрбие жұмысана байланысты бірнеше іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Аталған жоспар бойынша өткізілген сенбілік үшінші іс-шара болып табылады. С.Ж. Асфендияров университетінің  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен, «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» жоспарына орай сәуір айының 21 жұлдызында «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің кураторларының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №6 мектеп-интернатында  сенбілік өткізілді.

Іс шараға Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 4 курс студенттері және кураторлар Жұматай Ж.Ж., Иматаева А.Е., Сериева Ж.А., Каликов М. А. қатысты. №6 интернат-мектебінің ауласының шөптерін түгел шауып тазалады. Ағаштарын ақтауға қатысып, территорияны сыпырып, аулада өсіп тұрған гүлдерді жекеледі.

Өткізілген іс шараның үлкен құндылығын атап өтуге болады:  студенттер үшін тағлымды іс болды. Студенттеріміз мұндай іс-шараларға қатысу арқылы қоршаған ортаны таза ұстауға және аталған мектептің балаларына үлгі боларлықтай үлкен тәрбиелік мағынасы бар адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірді.