Дөңгелек үстел

2013 жылдың, қазан айының 19 жұлдызында сағат 12.00-де, университетіміздің Қазыбек би 82, оқу ғимараты, №1 оқу аудиториясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы меңгерушісі доцент З. У. Бисембаева, саясаттану секцияларының оқытушылары доцент Г. Т. Рсалдина,  Б. Молдахмет , М. И. Исаева , К.Н. Жусупова , Р. А. Баженов  оқытушыларының ұйымдастырылуымен визитинг-профессор бағдарламасымен келген АҚШ, Техас Техникалық Университетінің профессоры Марк Вебб Оуэнның қатысуымен «Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы діннің орны» атты дөңгелек үстел өтті. «Дөңгелек үстелдің» модераторлары: ф.ғ.к., доцент З. У.Бисембаева З.У., доцент Рсалдина. Дөңгелек үстелге «жалпы медицина», «стомотология», «фармация», «мейірбикелік іс» факультеттері. 1-ші және 2-ші курс студенттері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің»  алғысөзі жалпы білім беру департаментінің директоры Phd М.С.Сарыбаевқа берілді. М.С.Сарыбаев қонақ профессорға елімізге, біздің университетімізге «қош келдіңіз»дей келе, бүгінгі тақырыптың өзектілігін айтып сөзді қонаққа берді. Қонақ Техас Техникалық Университетінің профессоры Марк Вебб Оуэн  «Тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы діннің орны» атты баяндамасымен студенттерге біраз қызықты мәлімет келтірді. Қонақ профессордан кейін ЖМ факультетінің 2 курс студенттері «Кеңестік Қазақстанның діни ахуалы: қысқа тарихы шолу» тақырыбында Кемелова Индира, Төлеген Сая және «Әлемдік және дәстүрлі діндер съездері — Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің бір кепілі» тақырыбында Калилуллаев Берік, Құрбанмұрадова Айлар өз баяндамаларын ағылшын тілінде таныстырды. Студенттердің баяндамаларынан кейін АҚШ-нан келген профессор мен біздің студенттеріміздің арасында сұрақ-жауап формасында пікірлер алмасты. Кафедрамыздың саясаттану секциясының оқытушысы Бидас Молдахмет дөңгелек үстел барысында профессордың баяндамаларын  ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне студенттерге өте сауатты да түсінікті деңгейде  аударып отырды нәтижесінде студенттер тарапынан тақырыпқа байланысты түрлі сұрақтар туындап қызу пікір сайыс орнады. Дөңгелек үстелдің жабылу сөзін кафедрамыздың саясаттану секциясының оқытушысы Бидас Молдахмет қорытындылады. Визитинг – профессор басқа ұлт өкілі ретінде дінй ахуалға салыстырмалы талдау жасалды. Студенттер толыққанды ақпарат ала отырып тұрақтылық пен қауіпсіздікке діннің ықпалының зор екендігіне көз жеткізді.

 

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы