Е.Н.КИРИЛЛОВАМЕН «АНА –ТІЛІМ АРДАҒЫМ» АТТЫ ФЕСТИВАЛҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ

«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ОПҚ

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК ХИМИКО-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫВИЗИТИНГ-ПРОФЕССОР Е.Н.КИРИЛЛОВАМЕН «АНА –ТІЛІМ АРДАҒЫМ» АТТЫ ФЕСТИВАЛҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ

 

«Ана тілі — бəріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деп ел басымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, тіл əрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мəдени байлығының дамуының құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды.

Жақында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Алматы қаласының әкімдігі мен тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен өткен  «Ана –тілім ардағым» атты фестиваль өткізілді. Аталған фестивалға «Фармацевт-токсиколог» модулінің оқытушы профессор құрамы модулдің шақыртуымен келгенВизитинг-профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік химико-фармацевтикалық академиясының оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры, химия ғылымдарыныңкандидаты, доцент Кириллова Евгения Никитичнамен бірге барып қайтты.

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі м.а. доцент Қожамжарова А.С.