Жастар – болашақтың кепілі

Еліміздегі жастар саясаты әрбір азаматтың жан-жақты дамып, бәсекеге қабілетті болып қалыптасу үшін барлық жағдай жасауда. Бүгінге дейін тек жастар үшін бірнеше білім және әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды. Осы ретте еліміздегі жастар саясатының бүгіні мен болашағы туралы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінде наурыздың оныншы жұлдызында         « Жастар-болашақтың кепілі » атты  іс-шара өтті. Шараны университеттің Қазақстан тарихы кафедрасы жетекшілігімен фармация факультетінің 1-курс студенттері ұйымдастырды. Мәдени тәрбиелік шараға фармация институтының  директоры, профессор У.М.Датхаев, фармация факультетінің деканы Қ.Қ.Қожанова және шетел студенттері деканы К.А.Булыгин  қатысты. Іс-шараның шымылдығы Елбасының жалынды жастарға арнаған үндеуімен ашылды. Әрі қарай ФӨТ-студенті Қ.Фазылбекқызының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты баяндамасымен жалғасты. «Ел тұтқасы-жастар денсаулығы» ,«Тіл-ұлттың басты негізі», «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыптары бойынша студенттердің дайындаған шығармашылық жұмыстары көрермен назарына ұсынылды. Қ.Абдрахманова, М.Қажиманованың « Мамандық таңдау-өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбындағы фармация факультеті туралы презентациясы сәтті шықты. Сонымен қатар іс-шарада белсенді студенттер танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, мағыналы көрініс көрсетті. Бұл шараның мақсаты  — болашақтағы халық денсаулығын түзеу, ана тілінің қолдану аясын дамыту және «Үш тұғырлы тілдің» еліміздің болашақ жетістіктеріндегі баспалдағы екенің айқындап, тек жастардың қолында екендігін насихаттау. Аталмыш шара жоғары деңгейде өткізіліп, аудиториядағы көрермендердің  көңілінен шықты. Қорытынды сөз кезегін алған  тарих кафедрасының меңгерушісі З.У.Бисембаева осы шараны  ұйымдастыруға себепкер болған тарих кафедрасының аға оқытушылары С.А.Жолдыбаева,  С.М. Илгидаеваға алғысын  білдіре отырып, жастарға: «Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз елдің жалғасы жастарымыздың кемел келешегі нұрлы жолмен нұрланарына біз әрқашан сенімдіміз!» деген тілек сөздерімен аяқтады.