«Жастар және олардың деңсаулығы»

1.10.2014ж. С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арналған  «Жастар және олардың деңсаулығы» деген іскерлік ойынды «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының және «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттерінің көмегімен INTRO 1, № 20 аудиторияда сағат 1500те   химия кафедрасының ұжымы өткізді:

 

Жауапты доценттер: А.Е.Есімжан, Э.К.Карлова, А.К.Құсаинова

 

Іскерлік ойынның мақсаты:

1. Адамның денсаулығын жақсартуға, өзінің және жақындарының денсаулығына жауаптылық сезімді тудыруға тәрбиелеу;

2. Алкогольдің адам ағзасына әсері туралы білімді кеңейту;

3. Осы ақпараттарды химия және басқа да курстарда алатын білімдерімен байланыстыра білу;

4. Студенттерді химиядан ғылыми және кеңінен тараған әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету;

5. Осының нәтижесінде адамның ішімдік туралы ой түбінде жатқан сезімдерін оятып, айналасындағы шындықты түсіну үшін жаңа ойлай білу қабілетін арттырып, жоғары түсіну деңгейіне шығару;