Жаңа жылды тойлауға арнап өткізілген іс-шараның есебі

27.12.2016 жылы латын тілі курсында «Әртүрлі мемлекетте Жаңа жылды қарсы алу» атты музыкалық кеш өтті. Аталған іс-шараға ЖМ факультетінің № 27(1, 2), №37(1, 2), 39(1, 2), 42(1, 2) топтарының студенттері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер әртүрлі мемлекеттерде Жаңа жылды тойлау салт-дәстүрімен танысты. Іс шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Әндер шырқалып, слайдтар және бейнетаспалар көрсетілді. Естелікке сыйлықтар таратылды. Студенттермен оқытушыларға арналып викторина және конкурс өткізілді.

Соңында, студенттер барлығы ағылшын тілінде Жаңа жыл туралы ән шырқап, кешті аяқтады.

Іс-шарада әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде Жаңа жылды тойлау туралы көптеген қызықты және танымдық фактілер көрсетілді. Іс-шараға студенттер белсенді түрде ат салысты.