КазНМУ УНИВЕРСИТЕТІ «ФАРМАЦИЯ» ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ «№1 БАЛАЛАР ҮЙІНЕ» («ОРБИТА – 3» Ы.А., 27 ҮЙ) БАРЫП, БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ «ФАРМАЦИЯ» ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ 2015 ЖЫЛЫ  ҚАЗАН АЙЫНЫҢ 4 ЖҰЛДЫЗЫНДА

 «№1 БАЛАЛАР ҮЙІНЕ» («ОРБИТА – 3» Ы.А., 27 ҮЙ) БАРЫП,

БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

С.Ж. Асфендияров Қазақ Ұлттық медицина университеті «Фармация» институтының студенттері 2015 жылы  қазан айының 4 жұлдызында «№1 Балалар үйіне» («Орбита – 3» ы.а., 27 үй) барып, балалармен кездесті! Кездесу«Фармация»  және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 1-5-ші курсстуденттеріаралығында ұйымдастырылып, балалардың көңілдерін көтеруге ат салысты. Осы үйде тәрбиеленуші балалардың өмірге деген көзқарастарымен салыстыра отырып, қазіргі кезеңге бірге зер салды! Балалар үйіндегі өмір мүлдем басқаша, ол жерде әр баланың бір-біріне деген ажырамастай достығы, сүйіспеншілігі, сыйластығы сезіледі, ұйыған айрандай үлкен отбасының балалары емес  пе!? Тәрбиешілерінің аналық махаббатына бөленіп,алақан жылуында жүрген періштелер!

          Ал енді, студенттер өткізген іс-шараға келсек, студенттердің өзара тату-тәтті қарым – қатынастарын білдіріп,балалар үйіндегі кішкене балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлауға тырысып, бөлмені безендірді. Балаларды жинап, сыр-сұхбат, танысу жүргізді. Студенттер неше түрлі бастарынан өткен қызықтарын, оқудағы қиындықтарымен, қол жеткізген табыстарын айтып, ертегілер, өлеңдер оқып берді.

Содан соң  балалармен бірге ойын ұйымдастырып, олардың керемет  өнерлеріне тәнті болып қайтты. Балалардың «Өз өнері» атты ойыны бойынша әр баланың тақпақтарын, аспапта ойнау өнерін, биші қыздарымыздың тамаша билерін, ұлдарымыздың қоңыр дауысты үндерін, қолдан келер шеберліктеріне тәнті болып, спорттың түрлерінен де қалыспай: даладағы стадионда балалар футбол ойнап, қыздар жанкүйер болды.Студенттер балалармен командаға бөлініп, волейбол ойнап, көңілді де шуақты демалыс ұйымдастырып қайтты! Студенттерәр балаға жеке-жеке сыйлықтарын таратып, қуанышқа бөледі.

          Құрметті, студенттер айналаларыңызға ашық көзбен қарап, қазақ болған соң бір-бірімізге бауырмал, адал да, кішіпейіл болайық! Қайда жүрсекте тілімізді сақтап, дінімізді ұмытпай, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген егемендігімізді сақтап, бейбіт өмірде, ашық аспан астында, сен ана үйдің баласысың, мен мына үйдің баласымен демей бір үйдің, бір ошақтың, бір мемлекеттің баласы болып сіз-біз десіп сыйласып, жүрегіміз мейірімге, алақанымыз жылулыққа тола болсын! Болашаққа деген көзқарасамыз кең, тура және ақ болсын! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып мейірімді болайық!

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

С.Ж. Асфендияров Қазақ Ұлттық медицина университеті

«Фармация» институтының студенттері мен 1-2 курс тьюторлары