Кафедрадағы академиялық мобильділік жүйесі

Біздің университетте академиялық мобилділік (ұтқырлық) жүйесі білім алушылардың немесе зерттеуші-оқытушылардың оқу немесе зерттеу жүргізу үшін белгілі бір академиялық уақытта іске асырады. Академиялық ұтқырлық семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы, мұндай жағдайда меңгерілген білім беру бағдарламасы кредиттер түрінде өз жоғары оқу орнында немесе басқа жоғары оқу орнында қайта есептеледі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының және үштілділік жүйені негізге ала отырып Астана Медицина Университеті, фармациялық пәндер кафедрасының доценті ф.ғ.к, Смагулова Фатима Магауяевна 16.01.16 — 27.01.16 аралығында ФӨТ және фармация факультеттерінің 2,3 және 5 курс студенттеріне дәріс оқып, практикалық сабақтарын технологиялық пәндер курсымен, инженерлік пәнідер курсымен дәрілер технологиясы кафедрасында жүргізді.

Сабақ 2 курс студенттеріне «Introduction into pharmaceutical technology» пәнін ағылшын тілінде, ал 3 курс студенттеріне «Технологические параметры качества лекарственных форм», «Концепция обеспечения качества лекарственных средств», «Лицензирование» пәндерін, «Биофармация»  пәнін 5 курс студенттеріне өткізілді.

Оқытушының тұлғалық сипаты өте жауапкершілігі жоғары және де өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жақсы тәлімгер бола алатын тұлға екендігін аңғартты.

Бірлесіп тәжірбие алмасып жұмыс істеу отандық фармацевтика мамандарын дайындаудың сапалы көрсеткіші!