«КӘСІПКЕ  — АДАЛДЫҚ, БҰЛ- ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ» — атты дөңгелек стол өтілді.

Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінде 17.04.2017 жылы С.Ж. Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, Ректорат «Даңқ залы», сағ. 15-00 де   «КӘСІПКЕ  — АДАЛДЫҚ, БҰЛ- ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ» — атты дөңгелек стол өтілді.

Ұйымдастырушы:

  • ҚазҰМУ-ң Этикалық Кеңесі
  • Фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

Модератор:

  • Фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К. және Келимханова С.Е.

Қатысушылар:

  • Фармакогнозия курсымен, химико-токсикологиялық пәндер курсы, фармацевтикалық химия курсы және клиникалық фармация мен фармацияны басқару және экономикасы фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары: проф. Байзолданов Т.Б., Қожамжарова А.С., Алдибекова Г., Ахелова А.Л.
  • Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің 1, 2 курс студенттері

Бағдарламмаға сәйкес «КӘСІПКЕ  — АДАЛДЫҚ, БҰЛ — ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ» — атты дөңгелек столдың ашылу салтанатын Мұстафина Жанар Ғабиденқызы ашты.

Жалпы фармацевтердің кәсібі дәріханамен байланысты болғандықтан, «Фармация» мамандығының 2-курс студенті Баймухаметов Еркебулан №2 Дәріхананың тарихы мен оның қазіргі тұрмыс тіршілігімен танысып, сол туралы презентация — баяндама жасады.

Кезінде және қазіргі таңда да өз кәсіптеріне адал болып, фармация, медицина, химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері туралы Абдрахманова Б., Өмірзақ А., Норгашимов М және т.б. студенттер баяндама -презентация жасады.

Арасында концерттік бағдарламаға сәйкес Рахатов Б. ән салып, Кеңшілікова Нұрай мен Мирзакулава Набат би биледі.

«Фармацевт», «Фармацевт-технологтарға» арналған «Интеллектуальды ойын» ұйымдастырылды, сонымен қатар,  «Кәсіпке байланысты ситуациялық демонстрациялық тәжірибелер қойылды.

Viva» фарм. компаниясы жайлы ақпарат жиналып, ол туралы презентация жасалынды.

Соңында, фармацевтикалық пәндер кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты К.К.Шекееваның студенттердің таңдаған «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» — мамандығына, кәсіпке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізген «КӘСІПКЕ  — АДАЛДЫҚ, БҰЛ — ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҚ» дөңгелек столдан студенттер көптеген кәсіпке байланысты қызықты ақпараттан хабарлар болды, сонымен қатар, қазақтың ішінде Нобель сыйлығының иегері Ромақұлов Достай Төлеуішұлы  сияқты  кәсіпке адал болуды уағыздады, кәсіпке адал адам ғана, шынайы байлыққа ие болатынын тілге тиек етті.