«Менің елім — Мәңгілік ел!» атты әдеби-танымдық кездесу

2016 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина және аға оқытушылар Ж.С.Дәулетбекова мен А.Т.Рахымбаеваның ұйымдастыруымен «Менің елім —  Мәңгілік ел!» атты әдеби-танымдық кездесу кеші үш тілде өткізілді.

Мақсаты: Студенттерді  патриоттық сезімге  баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Кездесу кешіне кафедра оқытушылары мен жалпы медицина факультетінің 16-027- 1-2, 16-031-1-2, 16-057а-2 шетел  студенттері және  «Айдын» орденінің ковалері Ерлік Әлімқұлов, «Құрмет»  орденінің иегері Әділбек Бектасұлы қатысты.

Кешіміздің соңында қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Абдуллина Зәуреш Абдрахметқызы  сөз сөйлеп,  қатысқан студенттерге мақтау қағазын берді.