Мәншүк Мәметованың 90 жылдық мерейтойы.

Фармацевтикалық өндіріс технология мамандығының 1-курс студенттері (101,102 топтары) Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға белсенді ат салысуда.

Қазақстан тарихы пәнінің аға оқытушысы К.Ә.Төлентаеваның жетекшілігімен Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қойдық. Сонымен қатар Мәншүк Мәметова атындағы №28 техникалық лицейінде 1978 жылдан бері әрекет етіп отырған батыр қызымыздың  мұражайына барып, оның ерлікке толы өмір жолы туралы маңызды мағлұматтар алдық.

Мұражай экспанаттарын тамашалай отырып, біздер сол бір сұрапыл жылдарда от кешкен ардақты ағаларымыз бен әпкелеріміздің арқасында бүгінгі бақытты да бейбіт күндерді бастан кешіп отырғанымызды түсініп, оларға қарыздар екендігімізді ұмытпаймыз.