Рахымжан Ділбарханұлының 70-жылдық мерей тойына арналған фармацевтика факультетінің ұжымы конференция ұйымдастырды

 1

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті фармацевтика факультетінің ұжымы фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Ділбарханұлының 70-жылдық мерей тойына арналған конференция ұйымдастырды.

Мерей той иесіне арналған конференцияда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Профессор Рахымжан Ділбарханұлының басшылығымен осы күнге дейін 11 ғылым докторы, 33 ғылым кандидаттары, 1 PhD доктор,  3 магистр ғылыми жұмыстарын ойдағыдай қорғады. Ғалымның ғылым жолындағы шәкірттері  Қазақстан Республикасында  ғана емес, алыс және жақын шет елдерде жұмыстарын абыроймен атқаруда.

Профессор Рахымжан Ділбарханұлының 70-жылдық мерей тойына арналған конференцияға барлық шәкірттерімен бірге С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ұжымы, студент, магистрант, PhD докторанттары, фармация саласымен фармацевтикалық өндіріс орындарының лауазымды уәкілдері, сондай-ақ ҚР ДС ТДМ ДЗЭҰО ұжымының басшылары қатысты. Конференция қонақтары қазіргі заман талабына сай,  Қазақстан Республикасындағы фармацевтика өндірісінің негізгі даму бағыттарының мәселерін бірге талқылады. Конференция өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды және де көптеген өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Конференция қонақтары мерей той иегері, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Ділбарханұлына қажымас қайрат, мол бақыт, зор денсаулық, творчестволық табыс тіледі. Сонымен бірге факультет қабырғасында білім алушыларға аянбай еңбек етуіне  тілектестік білдірді.

Құрметті  Рахымжан Ділбарханұлы!  70-жасқа толған мерей тойыңыз құтты болсын! Деніңіз сау болып, алдағы уақытта жас ғалымдар дайындай беруіңізге шын жүректен тілектестік білдіреміз!

Тілек білдірушілер: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ұжымы, фармацевтика факультетінің ұжымымен студент, магистрант және PhD докторанттары.

Презентация

ПРИГЛАШЕНИЕ