Студенттердің тьюторлармен кезекті басқосуы

Студенттердің тьюторлармен кезекті басқосуы

8.10.2015 сағат 18:30да жатақханада тұратын студенттер мен тьюторлардың жиыны өткізілді.  Тәрбие ісі бойынша бұл басқосуда бірқатар сұрақтар қарастырылды. Студенттердің этикасы, мәдениет деңгейі, ортада және қоғамда өзін қалай ұстауы, көпшілікке қатысты пікір қалыптастыру, азаматтық тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізетін кеңестер айтылды. Антикоррупция бойынша жемқорлыққа қарсы күрес, жауапкершілік, жаза т.б. өзекті мәселеге айналды. Студенттермен тьюторлардың театр, концерттер сияқты мәдениет үйлеріне бару кезіндегі тәртіп, өзін-өзі ұстау, белгілі бір ережелер бойынша ақпарат берілді. Жалпы студенттің моральдық дамуы туралы, сондай-ақ студенттік өмірдің қызықтары мен қиыншылықтары жайлы сөз қозғалды. Олармен әңгімелесу кезінде жалпыға ортақ сұрақтар қамтылып, жеке отырып психологиялық-педагогикалық ақыл берілді. 1-курс студенттер барлығы алғыр, ақыл-ойы терең екені анықталды. Олардың ішінде сабақпен қатар ғылыммен де айналысуды бірге алып журе алатынына сенімділері де болды. Қоғамдық ұйымдарға жазылып, университеттің маңызды іс-шараларына қатысуды бастаған.

         Сонымен бұл жиын қызықты дискуссияға айналды. Студенттер тікелей хабарласа отырып, хат алмасып, ғаламтор желісі арқылы тьюторлармен күнделікті байланысқа шығып отырады.