Студенттермен «Oxygen» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да қабылданған білім берудің «Үштілдік»  бағдарламасын жүзеге асыруда тілдер пәндері оқу департаментінің ЖБК жоспарына сәйкес «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасында 16-003/1 топ «фармацевтикалық өндіріс технологиясы» студенттерімен «Oxygen» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Оқытушы Н.Т.Султанова студенттерде мәдениетаралық қарым — қатынас құзыреттілігін жәнетілдік дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіруге септігін тигізетін   «Integration method in small groups» атты шет тілін оқытудың инновациялық технология әдісін енгізді.

Сабаққа ЖБК мүшелері: кафедра меңгерушісі, доц. Сулейменова О.Я, кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт.  Садыкова А.А, әдіскер,аға оқыт. СагантаеваС.Х., «Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі»  кафедра доценті Зайсанбаев Т. Т және  кафедра оқытушылары қатысты.

Ашық сабақ әдістемелік деңгейде жақсы өткізілді және ЖБК мүшелері мен оқытушылар тарапынан жағымды пікірлер берілді.