«Тілдарын – 2013» олимпиадасы

«Тілдің үштұғырлылығы» мәдени жобасын және ҚазҰМУ-да құрастырылған үш тілде оқыту бағдарламасын іске асыру мақсатында 28 қыркүйек 2013 ж. шет тілдер кафедрасы және тілді дайындау ортылығымен бірлесе отырып, «Жалпы медицина», «Стоматология», «ФӨТ», факультеттерінің 1, 2 курс студенттері арасында «Тілдарын – 2013» олимпиадасын өткізді (Жауаптылар:кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.).

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең – кафедрада ауызша әңгімелесу және 2 кезең – олимпиадаға қатысушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Мен және менің болашақ мамандығым» тақырыбына презентация. Барлық олимпиадаға қатысушылар тапсырманы орындауда іскерліктерін көрсетті, хабарламаларды еркін жеткізді және презентацияларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғады, шешендік қабілеттіліктерін көрсетті, презентацияны қорғау кезінде слайдтарды, суреттерді және басқа да ақпараттық материалдарды тиімді пайдаланды.

Олимпиадаға қатысушыларының алдында ҚазҰМУ проректоры, проф. Толебаев Қ.А., тілді дайындау орталығының бастығы Толеева Н.А. және шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я.  шығып  сөз сойледі.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгіленді:

 

Гран при – Абдуллина Диана, ЖМ факультетінің 13-032 (1) топ студенті

I орын – Ганиев Рустам, стом. факультетінің 13-007  топ студенті

II орын –Тлеукул Нұрлыайна, ЖМ факультетінің 13-004 (1)  топ студенті

III орын –Құрбанмұрадова Айлар, ЖМ факультетінің 12-041(2) топ студенті

 

 

Кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.