«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші өтті

08.12.15 жылы университет музейінде  факультет көлемінде қазақ тілі кафедрасы мен кәсіби қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әзірленген  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші болып өтті.

Кешке арнайы шақырылған желтоқсанға қатысушы ардагерлер – Мұхаметжан Серік Сейітханұлыжәне Исабаева Ұлжалғас Жұмайқызы қатысты.

Сонымен қатар кешке жалпы медицина факультетінің студенттері, студенттерді өзін-өзі басқару бөлімінің бастығы С.А.Апсаттарова мен университет оқытушылары қатысты.

Аталмыш кешті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент  Абдуллина Зауреш Абдрахметқызы ашып, шақырылған қонақтарды таныстырды. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған бұл күн – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты.Осынау қаралы күннің қасіретін еске алып, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың ерлігі аясында сөз сөйледі.

Кешке арнайы келген қонақтар — Мұхаметжан Серік Сейітханұлыжәне Исабаева Ұлжалғас Жұмайқызы желтоқсандағы болған оқиғалар туралы сөз қозғап, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін студенттерге ұғындыра отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге шақырды. Студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, қонақтардың алғысын алды. Арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіледі.

Кешті қазақ тілі кафедрасының  доценті  Т.Қ.Зайсанбаев Қапездің  «Қоштасу» әнімен жалғастырды.Кеш барысында тәуелсіздік туралы ақындардың өлеңдері оқылды. Жалпы медицина факультетінің 1-курс студенті Таңатар Әсемгүл Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін, жалпы медицина факультетінің 1-курс студенті Апсеметов Данияр.

Қадір Мырза Әлінің «Қазақ осы» әлеңін оқыды. Сонымен қатар, Ш.Сариевтің «Атамекен» өлеңін Ақнұр Жалғасова орындады.

Кеш соңында студенттерді өзін-өзі басқару бөлімінің бастығы С.А.Апсаттарова қонақтарға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі З.А.Абдуллина қорытынды сөз сөйледі. Кешті студенттер Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтады.

Кешті ұйымдастыруға ат салысқандар  қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасы және кешке жауаптылар:Г.К.Дәркенбаева, А.Р.Абдықадырова,ф.ғ.к. Ф.Б.Қожахметова.