«Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты танымдық кеш өтті

2016 жылдың 2-ші желтоқсаны күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университетінде мемлекеттік университетінің мұражайында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты танымдық кеш өтті.

Шараны университеттің  Қазақстан  тарихы  және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, фармацевтика факультеті және мұражай қызметкерлері ұйымдастырды. Танымдық кешке жалпы медицина факультеті және фармация факультетінің 1- курс студенттері қатысты. Кешті фармация факультетінің декан орынбасары Скакова Улпан Толеуханқызы  ашып берді.  Келесі сөз кезегі Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент Бисембаева Зинагүл Убайдақызына берілді, ол өз сөзінде Қазақстанның жеткен жетістіктері мен табыстарына қысқаша тоқтала отырып, Қазақстанның болашағы білімді жастардың еншісінде екендігіне сенім білдірді.

 «Елін сүйген Елбасы», «Тәуелсіздікке арнау», «Жаңаны кейіптеген Қазақстан», «Тәуелсізелім – мақтанышым менің»  тақырыптары бойынша шығармашылық баяндамалар оқылды және Қазақтың ұлттық биі Қамажай, дәстүрлі ән шашу мен күй тартылды. Саxнада Фармация факультетінің 1- курс студенттері: Айткалиева Айжулдыз, Самиғуллина Айнара, Базарбай Меруерт өздерінің өнерлерін паш етті. Танымдық кештің мақсаты – тарихта өшпес ізі бар  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке  жеткен  жолын саралап, студенттердің бойындағы отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру еді. Бұл орайда студент жастаратынан осы тағылымды кешті ұйымдастырған аға оқытушылар:   Жолдыбаева С.А., Абдразақова Н.А. және Ильгидаева С. М. және мұражай қызметкері Байтөленоваға Ф.Т.  ризашылығымызды білдіргіміз келеді.