Факультатив сабақтың тақырыбы: «Дж.Н.Г. Байронның шығармашылығы»

04.04.2013 ж. ағылшын тілінің аға оқытушысы Лозенко И.В. «For beauty’s sometimes best set of afar… »  тақырыбна факультативтік сабақ өткізді.

Сабақ барысында стоматология факультетінің 11-006,11-007 топтардың студенттері ағылшынның атақты ақыны, романтигі Дж. Н.Г. Байронның әдебиеттегі еңбектері мен өмірі жайлы айтты, оның атақты поэмаларынан сцена қойды:  “Child Harold’s Pilgrimage”, “Beppo”, пьесалары мен өлеңдерінен үзінділер оқыды: “My soul is dark….”, “Stanzas to Augusta”, “Doge of Venice”, “Maid of Athens” және т.б.

Автордың тілі мен түпнұсқалы стилін сақтай отырып барлық шығармалары көрсетілді. XIX ғасырдың басындағы театр костюмдерін және реквизиттерді мұғалім студенттермен  бірге дайындады.

Сабақ аяқталарда студенттер Дж.Н.Г. Байронның әдеби еңбектеріне және өміріне қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді.

Студенттердің ағылшын әдебиеті және Ұлыбритания мәдениеті жайлы ақпараттарын жетілдіруі үшін, бұл сабақтың тәрбиелік және танымдық мағынасы зор болды.