«Фармацевтика факультетіне 65-жылдығына орай, 65 қайырымды іс» атты іс-шара өтті

«Фармацевт-аналитик» модулінің оқытушыларының «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармацевтика факультетіне 65-жылдығына орай, 65 қайырымды іс» атты іс-шараның жоспары бойынша «Жастар және олардың денсаулығы» тақырыбына дөңгелек стөл өткізілді. Онда 2015 жылдың 9 шілдесінде «Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жоспары» тақырыбы жөнінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне байланысты  бағдарламасын талқыладық. Студенттерге спортпен шынығуды, жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатынын, адам баласының спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданатындығы жайлы түсінік берілді. Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында не істей аламыз деген сұраққа қызу талқылау жүргізілді.