«ФАРМАЦЕВТИКА ФАКУЛЬТЕТІНЕ 65-ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АЯСЫНДА, «ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ОҚЫТУШЫ ПРОФЕССОР ҚҰРАМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ХИМИЯ ПӘНДЕРІНЕН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

«ФАРМАЦЕВТИКА ФАКУЛЬТЕТІНЕ 65-ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АЯСЫНДА, «ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ОҚЫТУШЫ ПРОФЕССОР ҚҰРАМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ХИМИЯ ПӘНДЕРІНЕН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

2016 жылдың сәуір айының 28-ші жұлдызында, «Фармацевтика факультетіне 65-жыл» мерекелік іс-шара аясында «Фармацевт-токсиколог» модулінің оқытушы профессор құрамы химия пәндерінен пәндік олимпиаданы ұйымдастырып, К.Қожаханов атындағы практикалық дағдылар орталығындағы конференция залында сағ. 1200-1500 аралығында 5В110300 «Фармация» және 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасындаөткізді.Химия пәндерінен ұйымдастырылып отырған пәндік олимпияданың ашылу салтанаты барысында сөз кезегі фармацевтика факультетінің деканы Қожанова Қалданай Қаржауовнаға берілді. Олимпиаданың 1-ші кезеңінде студенттерге «Бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия», «Физикалық химия», «Органикалық химия» пәндерінен тесттік  тапсырмалар таратылып, орындалды. 2-ші кезең барысында аталған 4 пәннен билет бойынша есептер шығарылды. Пәндік олимпиаданың ұйымдастарылған екі кезеңі бойынша студенттердің қорытында баллдары төмендегі кестеде көрсетілген.

Пәндік олимпиададан студенттердің 2 тур бойынша жинаған қорытынды баллдары

п/п

Студенттің аты-жөні Курсы 1 кезең 2 кезең Жалпы ұпайы  

Жүлделі орын

1 Аблаева Дидар ФӨТ 63 15 78
2 Абылкасым Жанель ФӨТ 46 65 111
3 АтхамовАбдулазиз ФӨТ 68 87 155 ІІ орын
4 Аянов Аяз ФӨТ 80 100 180 І орын
5 БайназаровДәулет ФА 76 45 121 ІІІ орын
6 ИскаковаБану ФӨТ 60 80 140 ІІІ орын
7 Қуатбай Эльвира ФӨТ 47 20 67
8 Маликова Наргиз ФӨТ 48 30 78
9 Мәулен Жанна ФӨТ 40 71.5 111.5
10 ОмароваҒайни ФӨТ 47 50 97
11 СерікШолпан ФА 84 75 159 ІІ орын
12 Серікбаева Жүрсінай ФӨТ 86 17 103
13 Тельман Мадина ФӨТ 40 40 80

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі, доцент Қожамжарова Асель Сейдахметқызымодулде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған, осындай игі бастамалар алдағы уақытта өз жалғасын табатындығын, мемлекеттің дамуына, экономикамыздың дамуына білімді жастар керек, ал жастардың білімді болуына, білімге деген құштарлықтарын арттыруымызға жол ашуымыз керек екендігін сөз ете келе олимпиаданы қорытындылап, жеңімпаз атанған студенттердімарапаттап,диплом мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Ұйымдастырушылардың атынан сөз сөйлеген модулдің аға оқытушысы, PhD доктор Өмірзақов Манас Тоқтасынұлы қатысқан барлық студенттерге сертификат және естелік сыйлықтар табыс етті. Қорытынды сөз кезегіндемодулдің доценттері Чекотаева К.А., Нұрғалиева А.Н., Құсайнова А.К., Илиясова М.И. ұйымдастырылып отырған пәндік олимпиаданың«Маңызы зор»екендігін атап өтіп, олимпиадаға қытысушы студенттерге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Серік Шолпан

 Атхамов Абдулазиз

Аянов Аяз

Байназаров Дәулет

Искакова Бану