Фармацевтика факультетінің студенттері денсаулық сақтау және белсенді өмір салтын насихаттайтын веложарыс ойынында «Астана» командасына жанкүйер болды

Фармацевтика факультетінің студенттері денсаулық сақтау және белсенді өмір салтын насихаттайтын веложарыс ойынында «Астана» командасына жанкүйер болды.

2015 жылдың 4 қазан күні Аль-Фараби көшесі бойымен Мустафина көшесінен Достық даңғылына дейін, ВОАД Достық даңғылынан Халлиулина көшесіне дейін екі бағыттағы жол қатынасы уақытша жабылып, халықаралық дәрежедегі спорттың маңызды түрі кәсіби «Tour of Almaty 2015» веложарысы өткізілді. Біркүндік веложарысқа 20 команда қатысты, оның ішінде қазақстандық «Астана» және ресейлік «Катюша» сияқты танымал командалар бақ сынады. Жыл сайын бұл жарыс түріне үлкен көңіл бөлінеді, ол әрине велотуризм дамуына, саламатты өмір салтын ұстануға септігін тигізетіні сөзсіз. Келесі жылғы «Тур Алматы-2016»  веложарыстың финалды бөлігі медеуде өткізілу жоспарлануда. Фармацевтика факультетінің және фармаццевтикалық өндіріс технологиясы мамандықтарының студенттері осындай маңызды шараның сатти өткізілуіне барын салып, дене шынықтырудың тірек-қимыл қозғалысына, жүйке жүйесіне, зат алмасу үрдісіне оң жақтарын насихаттап, көптеген аурулардың алдын-алу құралы ретінде таниды.