Фармацевтика факультеті студенттерінің қосарлы білім беру жүйесі бойынша өндірістік тәжірибесінен өтуі

Фармацевтика факультеті студенттерінің қосарлы білім беру жүйесі бойынша өндірістік тәжірибесінен өтуі

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық факультетінің студенттері өндірістік тәжірибесін«ЖАНАФАРМ», «Фитолеум», «ВИВАФАРМ» сияқты ірі өнеркәсіп орындарында өткізді. «ЖАНАФАРМ» фармацевтикалық өндірістік фирмасы 1992 жылы Алматы фармацевтикалық фабрика базасында негізі қаланған. Қазіргі таңда босатылатын дәрілік препараттарының барлығы рецептсіз босатылатын және ҚР территориясында кеңінен қолданылатын дәрілік заттарға жатады. Мысалы Агриппин SR (аспиринмен), Агриппин (парацетамолмен), ангисепт HL (түймедақ, жалбыз, тырнақгүл, эвкалипт, прополис).

«Фитолеум» ЖШС отандық фармацевтикалық  өндіріс сапалы өнімнің сенімді көзі ретінде шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алады. Өз өнімін «Қызыл май» саудалық маркасымен біріктірген компания Қазақстанға танымал, қазіргі күні маңызды базаға айналды. 2014 жылы «Фитолеум» ЖШС «Тиісті өндірістік тәжірибе» GMP мемлекеттік стандарттар талаптарына сай инспекциялаудан өтті. Өндірістік ұйымда ғылыми-тәжірибелік бақылаудағы аналитикалық зертхана аттестацияланған. Таза экологиялық аудандардан жиналған  шикізаттан өнімдерін 100 пайыз табиғи дайындайды.Студенттер фармацевтикалық ұйымның жұмысымен танысып, дәрілік қалыптар дайындау бойынша тәжірибелік дағдылар игерді. GMP стандарттары бойынша фармацевтикалық ұйымның жұмысын ұйымдастыруды үйренді.

«ВИВАФАРМ» динамикалық дамудағы Қазақстан фармацевтикалық компениясы, жоғары сапалы, науқастарға қолжетімді дәрілердің кең спектрін алу, клиникалық зерттеу, тіркеу, өндіру, сақтау және таратудан алдыңғы көшбасшы өнеркәсіп орны. Өндірістік корпус (3600 кв. м) GMP халықаралық стандарттарының, ұлттық нормалар мен стандарттар талаптарына сай жобаланған. Цех 2013 жылы жабдықталып, қатты дәрілік қалыптар өндірісі бойынша эксплуатацияға берілді. Өндірістік тәжірибесін өту барысында студенттер теориялық дайындығының жоғары деңгейін көрсетті, Ұйым персоналдарымен тығыз қатынаста болып этика, деонтология ұстанымдарына негізделіп, қажетті ақпарат көлемін меңгеру басты міндет саналды.