Фармацевт-менеджер модулінің жаңалығы

5 наурыз күні ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің «Фармацевт-менеджер» модулінің және фармацевтика жігіттерінің  ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралақ әйелдер мерекесімен  факультеттің оқытушы апайлары мен қыздарына арналған «Аяулы асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» атты мерекелік кеш  өткізілді.

Мерекелік кеште факультет деканы У.М.Датхаев құттықтап, гүлден шашу шашты және мерекенің жалғасы   жігіттердің әзілі,  билері мен ән-шашуларына, ұйымдастырған ойындарына  ұласты. Келген көрермендер риза болып тарқасты. Жарайсыңдар,  ЖІГІТТЕР!