«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ОҚЫТУШЫ ТЬЮТОРЛАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН БІРГЕ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗДІ

2013 жылдың наурыз айының 28-ші жұлдызында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  «Фармацевтика» факультетінің 1 курс ФА 12-001,  ФА 12-002, ФА 12-003 топтарының студенттері  және «Фармацевт-токсиколог» модулінің оқытушы тьюторларымен бірге балаларға арналған Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жас өспірімдердің қазақ мемлекеттік академиялық театрына режиссер-қоюшы Мұрат Акмановтың қойылымындағы «Фатима» атты қойылымды тамашалауға барды.

1 2

Қойылым, қазақ халқының өткен тарихының айрықша сомдалуымен ерекшеленгендігінің әсерімен және Фатима Ғабитованың өмір деректерін толық сипатталуымен студенттерде айтарлықтай әсер қалдырды. Қойылым көрермендердің  көңілінен шығып, ерекше ықыласпен қабылданды.

3 4

6 5

«Фармацевтика» факультетінің 1 курс ФА 12-001,  ФА 12-002, ФА 12-003 топтарының студенттерінің атынан білім алумен қатар мәдени шараларға қатысуға қолдау көрсетіп отырған университетіміздіңректоры, профессор А.А.Ақановқа, студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің Л.С.Шыңғысбаевқа, әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың бастығы М.Т.Сұлтановаға  «Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі профессор Т.Б.Байзолдановқа, модулдің аға тьюторы, х.ғ.к., аға оқытушы А.С.Қожамжароваға және модулдің оқытушы тьюторларына алғысымызды білдіреміз.

7 8