«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ШАҚЫРТУЫМЕН САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК ХИМИКО-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ СТРЕЛОВА ОЛЬГА ЮРЬЕВНА МОДУЛДЕ СЕМИНАР ЖҮРГІЗДІ

«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІНІҢ ШАҚЫРТУЫМЕН САНКТ-ПЕТЕРБУРГ МЕМЛЕКЕТТІК

ХИМИКО-ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ СТРЕЛОВА ОЛЬГА ЮРЬЕВНА

МОДУЛДЕ СЕМИНАР ЖҮРГІЗДІ

Визитинг-профессор бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдың желтоқсан айының 10-шы және 26-шы жұлдызы аралығында химия ғылымдарыныңкандидаты, доцентСтрелова Ольга Юрьевна«Фармацевт-токсиколог» модулінің шақыртуымен келіп, модулде семинар жүргізді.5В110300«Фармация» мамандығына арналыпжүргізілетін «Токсикологиялық химия» пәнінен 10 күн ішінде, күніне 6 сағаттан дәріскурсын оқумен қатар зертханалық практикалық сабақ жүргізді.Оқу тәжірибелерінің оқу үрдісінде алатын орны ерекше екенін ескерсек,ал студенттер үшін ерекше қарқын алған елдердің тәжірибесімен танысуы үлкен маңызға ие.

Студенттер дәріс алумен қатар жүргізілген зертханалық практикалық сабақтар барысында жақсы тәжірибе алмасумен қатар ерекше әсер алды.Бұл тәжірибелер болашақ фармацевт мамандарына ерекше әсер сыйлап қана қоймай, жүргізілген сабақ барысында көрген түйгендерін келешекте білгір маман ретінде қалыптасуына өз үлесін қосады деген сенімдемін. Жалпы мұндай тәжірибелер алмасу болашақ мамандарды дайындауүшін қажетті мамандар даярлаудыңажырамас бөлігі болып табылады.

Визитинг-профессор Стрелова О.Ю.желтоқсан айының 24-ші жұлдызындаК.Қожаханов атындағы практикалық дағдылар орталығында,«Современные методы изолирования и идентификации токсикологических веществ в трупном материале»атты тақырыпта актты дәріс оқыды.

Дәріске 2, 4 және 5 курс студенттерімен біргемагистранттар,PhD докторанттар,«Фармация»оқу департаментінің директоры Г.О.Устенова, факультет және модулдің ОПҚ құрамымен бірге токсикологиялық химия саласына қызығушылық танытатын мамандар қатысты.

«Визитинг-профессор»бағдарламасы аясында ұйымдастырылған дәріс барысында О.Ю. Стрелова мәйіт нысандарынан улы заттарды идентификациялау мен оқшаулаудың заманауи әдістерін талдау түрінде өтті. Мәйіт нысандарынан улы заттарды оқшаулаудың заманауи сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар, студенттер арасында биологиялық нысандармен байланысты жағдайларды талқылау улкен қызығушылық танытты. Тыңдаушылармен зертханалық жағдайларын талдау, олардың жеке бағалауы мен соңынан департаменттің директоры Г.О.Устенова, білікті маман профессорлар Т.Б.Байзолданов пен Э.М.Бейсембаев және доценттер К.А.Чекотаева мен М.И. Илиясовалар пікірлерін білдірді.

Департамент директоры, арнайы шақырылған мамандар және модуль оқытушылары өз лебіздерін білдіргеннен кейін, Санкт-Петербург мемлекеттік химико-фармацевтикалық академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келген студенттер, білім алу барысында ерекше әсер алғандары жайлы сөз қозғап, алғыстарын білдірді.

Визитинг-профессор Стрелова О.Ю. жоспарланған оқу бағдарламасын сәтті аяқтады. Актты дәріс аяқталған соңвизитинг-профессор О.Ю.Стрелова, модулдің жетекшісі м.а. доцент А.С.Қожамжароваменуниверситетіміздің студенттерінің заманауи білім алуына көрсе­тіліп отырған қамқорлығының жемісі,халықаралық стандарттарға сәйкес жасақталып, ашылғанК.Қожаханов атындағы практикалық дағдылар орталығындағы симуляциялық орталықты аралап, студенттердің за­ман талабына сай жаңа орталық­та жүргізілетін практикалық дағдыларын тамашалады.

Жоспарланған оқу бағдарламасы сәтті аяқталуымен қатар визитинг-профессор О.Ю.Стреловамен бірге, әр түрлі бағыттағы ғылыми материалдар талқыланып,  ғылыми жобаларға жоспарлар құрылды.

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі м.а. доцент Қожамжарова А.С.