«Фармация» факультеті «фармацевт фармакогност» модулінің «Әз Наурыз» мерекесіне шашуы

Наурыз келді құтты болсын жаңа жыл,

Жаңалыққа толы болсын жаңашыл.

Құттықтайды «фармакогност» модулі

Шашуымен арналады жаңа жыр.

 

Ұзақ жылдар білім берген төзіммен,

Қысы-жазы бірге болған өзіңмен,

Ардагерлер жүр бүгін арамызда

Нұр шашылсын күлімдеген көзіңнен.

 

Ардақтайық ардагер ата-аналарды,

Әрі ұстаз, дәрігер-паналарды,

Құт әкелсін бүгін Наурыз Сіздерге

Рахатын көрсетсін балалары.