«ФИТОЛЕУМ» ЖШС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАВОДЫНА ЭКСКУРСИЯ

2017 жылдың 16 қараша айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің, Фармация мектебінің фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің 1 курс 002-1,2қ топ студенттері мен топ кураторы, аға оқытушы А.Ш.Бараковамен «ФИТОЛЕУМ» ЖШС фармацевтикалық өндірісіне экскурсия жасап қайтты. Студенттер өндірісті толық аралап шығып, қызыл май өндіру технологиясымен танысты. Экскурсия барысында студенттер таңдаған «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша толықтай мәлімет алды. Келешекте оқу барысында осы өндірісте студенттер үшін өндірістік және диплом алды практика ұйымдастырылады.