Халықаралық студенттер күніне арналған плакаттар сайысы

ҚазҰМУ құндылықтары мен дәстүрлеріне бауылып тәрбиелеу мақсатында 2016 ж. желтоқсан айының 5 мен 9 аралығында «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасы мен Фармация және фармацевтикалық өндірістің технологиясы деканатымен бірлесе отырып, «Жалпы медицина», МПІ және ФӨТ факультеттерінің 1, 2 курс студенттері арасындаХалықаралық студенттер күніне арналған плакаттар сайысынөткізді (Жауаптылар: кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.).

Барлық сайысқа қатысушылар тапсырманы орындауда іскерліктерін көрсетті, плакаттарын безендірді және Халықаралық студенттер күніне арналған ақпараттарды көрсетті, суреттерді және басқа да ақпараттық материалдарды тиімді пайдаланды.

Сайыс студенттердің қызығушылықтарын оятты және олар оның өту деңгейін ұйымдастыруға, сонымен қатар студенттердің, оқытушылардың ұжымдық рухын дамытуға, университеттің отан сүйгіштік тәрбиесін дамытуға, университет құндылықтары мен дәстүрлерін сақтауға үлес қосты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгіленді және оларға ескерткіш ретінде жүлделер берілді:

 I  орын –ФӨТ факультетінің 16-004 (1) тобы

II орын –ЖМ факультетінің 12-027 (1) тобы

III орын –ЖМ факультетінің 16-012 (1) тобы

III орын – ЖМ факультетінің  16-023 (1) тобы