Шет тілдер кафедрасы күнін өткізу туралы

Шет тілдер кафедрасында жыл сайын кафедра күнін өткізу дәстүрге айналды. Бұл оқу жылында кезекті  шет тілдер кафедрасы Күні 28 ақпан 2013 жылы Даңқ залында өткізілді. Кафедра күніне қатысушыларға арнап алғашқы сөзді жалпы білім беру пәндері депарментінің басшысы Оспанов Т.Т., фармацевтика факультетінің деканы, проф. Датхаев У.М., орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, проф. Жанпейс У.А. және шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доц. Сулейменова О.Я. сөйледі, олар ҚазҰМУ ректоры, проф. Аканов А.А. жетекшілігімен жасалған үштұғырлы тіл бағдарламасы аясында өтіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы туралы айтып өтті.

Кафедраның оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы Садыкова А.А. кафедраның тарихы және тыныс-тіршілігі туралы, оқытушылар құрамы, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары туралы әр түрлі кестелерді, схемаларды, суреттерді слайд арқылы көрсетті.

Бұдан кейін «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармацевтика» факультеттерінің 1,2 курс студенттері дайындаған көркемөнерпаздар концерті қойылды. Студенттер ағылшын, неміс, француз тілдерінде өлеңдер айтып,  әр-түрлі ұлттың билерін орындады. Жалпы медицина факультеті 11-041 (1) тобының студенттері жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында  «Unexpected fiasco» рөлдік көрінісін көрсетті.

Халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығындағы мобильділікке, жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ажыратылмайтын элементі бола алатын, студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі мен шығармашылық белсенділіктерінің дамуына әсер ететін бұл іс-шараны жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтілгенін атап өтуге болады.

 

 

аға оқытушы  Садыкова А.А.