Ғылыми-оқу бағытында ТЖ болған кезде лагистикалық жүйені құрастыру

Ғылыми-оқу бағытында ТЖ болған кезде лагистикалық жүйені құрастыру

Қарашаның 26 күні АҚ және ТЖ штабы мен «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модулінің ұйымдастыруымен, «Ғылыми-оқу бағытында ТЖ болған кезде лагистикалық жүйені құрастыру» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Кешті «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модулінің оқытушысы Халықов Мақсат жүргізді. Кеште өрт сөндіру,жер сілкінісі кезіндегі алғашқы көмек көрсетуге иммитациялық көріністер қойылды.Бірінші көрінсті «Коммуникативті дағдылар, психотерапия негізі, жалпы және медициналық психология» кафедрасы “Өрт шалған кездегі алғашқы психологиялық көмек” бойынша иммитациялық көрініс қойды,екінші көріністі«Орыс тілі» кафедрасы «Өртке қарсы шаралар» атты көрініс қойса, «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модулі “Жер сілкінісі” кезіндегі алғашқы көмекті сахналады. Мерекелік іс шара жалпы медицина факультетінің 21, 17, 29 топтарының студенттерінің қатысуымен өтті. Барлық топтардың дайындығы жақсы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінен айтар болсақ,іс-шара өте жоғары деңгейде өтті,арасында аудиторияны сергіту үшін ән айтылды,би (флэшмоб)қойылды. Сонымен бірге, «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модулінің  оқытушысы Халықов Мақсат домбырамен керемет күй тартты. Ал соңында әділ қазы алқаларының мүшелері АҚ және ТЖ штабының бастығы Б.Тасекеева, «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысыС.Бүткей, «Алғашқы медико-санитарлық көмек» кафедрасының асистенті А.М.Жукембаева сөз сөйлеп,қатысушыларға және «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модуліне өз алғыстарын білдірді. Әр көріністі бағалап,орындар тағайындады және әр қатысушыны алғыс хатпен марапаттады. Бірінші орынды «Коммуникативті дағдылар, психотерапия негізі, жалпы және медициналық психология»  кафедрасының оқытушысы Е. Шайхина бастаған топ студенттері жеңіп алды. Екінші орынды «Орыс тілі» кафедрасы оқытушысы Г.Ермекбаева бастаған топ иеленсе, үшінші орынды «Денсаулық сақтау мен фармациядағы экономика» модулінің оқытушысы М. Халықов бастаған топ жеңіп алды. Қорыта айтқанда, барлығы өте керемет болды, көрермендер көңілінен шықты.

«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті

Әлімхан Меруерт