«Ғылым және Халық медицинасындағы Қазақстанның жергілікті дәрілік өсімдіктер жиынтығы»

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Тәжірибелік Дағдылар Орталығы Конференция залында Фармация Институтының 65 ­ жылдығына арналған «Ғылым және Халық медицинасындағы Қазақстанның жергілікті дәрілік өсімдіктер жиынтығы» атты  ІІ ­ Республикалық ғылыми ­ тәжірибелік конференция өтті.

Конференция келесі өзекті мәселелерді талқылады:

  • Қазақстандағы жергілікті дәрілік өсімдіктерді оқып ­ үйрену тәсілдері
  • Халық медицинасында дәрілік өсімдіктерді қолданудағы фитотерапия тарихы
  • Қазақстандағы жергілікті дәрілік өсімдіктердің әр алуандылығы
  • Қазақстандағы өсімдіктер қорын қорғау
  • Дәрілік өсімдіктер шикізатын қолдану әдістері және халық дәрілері
  • Халық және ғылыми медицинадағы өзіндік ерекшелігі бар фитопрепараттар
  • Дәрілік өсімдік шикізатынан дәрілік заттар шығару
  • Дәрілік заттардың маркетингтік анализі
  • Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздік мәселелері

Конференцияға ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д.профессор Н.Р.Кулмағамбетов, С.Ж.Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ лабораториялы диагностика және молекулярлы медицина кафедрасының профессоры М.Б.Жангелова интерн терапевтермен бірнеше тақырыпа доклад жасаса, осы кафедраның ассистенті А.С.Садвакас ағылшын тілінде жалғыстырып кетті. Алыстан ат терлетіп А.Яссауи атындағы Қазақ Түрік Университетінің фармакология кафедрасының оқытушысы ,жоғарғы дәрежедегі провизор Дүйсембаева Бақтылы Таласбайқызы Түркістан қаласынан келіп, доклад оқып қана қоймай Фармация Институтының 65 ­ жылдығына арнап өлең жазып кетті.

Құттықтау

Рухани Астана — Түркістаннан келдім!

Екінші Мекке атанған топырағы жердің !

Білім атты айдынның ажыратып нүкте менен үтірін,

1977 жылы осы фармацевтика факультетін бітірдім!

Университетім алып бір бәйтерегім !

Бергені студентке білімдегі бар керегін !

Отыз тоғыз жыл өткеннен соң,

Келіп тұр ортаңызға бір кездегі тал ­ терегің !

Тарту етем сыйлыққа қазағымның қыл қобызын!

Болсыншы университетім шартарапта қолы ұзын!

Мәңгілікте ХҚТУ мен одақтастың бірлігі

Құтты болсын фармация институтының 65 жылдығы!