Қазақстанның алғашқы дәрігерлерінің бірі М.М.Чумбаловқа арналған кеш өтті

21.12.2016 ж. сағат 16.30 ҚазҰМУ ғылыми кітапханасында Этикалық кеңеспен, фармация және фармациялық өндіріс технологиясы факультетімен бірігіп латын тілінің бағамымен орыс тілі және кәсіби орыс тілі кафедрасы Қазақстанның алғашқы дәрігерлерінің бірі Мажит Мұхамеджанұлы Чумбаловқа арналған кеш өткізді. Кештің қонақтары: студенттік жастармен жұмыс жүргізуден ректордың кеңесшісі Жанар Ғабиденқызы Мустафина, М. М. Чумбаловтың немересі Мұхтар Таирұлы Чумбалов, геология-минералогиялық ғылымының докторы Надир Абдулкадырұлы Азербаев, танымалы сүретші Құлахмет Ходжиковтың және Мажит Чумбаловтың туысы Сауле Құлахметқызы Ходжикова, фармация және фармациялық өндіріс технологиясы факультетінің деканы З. Б. Сакипова және тьюторы А.А. Караубаева. Кештің модераторлары: филол. ғылымдарының кандидаты доцент Чумбалова Г.М., педагогикалық ғылымдарының магистрі Курмангалиева А.А.