«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі қазіргі мәнмәтіндегі үш тұғырлы тіл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Шет ел  студенттері факультетіне қарасты орыс тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 04.12.2013ж «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі қазіргі мәнмәтіндегі үш тұғырлы тіл» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның ашылуын  PhD докторы,  жалпы білім беру департаментінің директоры Сарыбаев М.С. мырза ашты. Конференцияда: оқытудың белсенді әдістемелері (Чан Динь Лам- п.ғ.д.,  Абай атындағы ҚазҰПУ шет ел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының профессоры, (Вьетнам) ),  шет тілдерін меңгеру денгейін көтерудегі  Халықаралық және стипендиалды бағдарламаның орны (Михаэль Яуманн- Академиялық ұтқырлық бойынша  неміс қызметінің ақпарат орталығының жетекшісі ДААД, Германия), Қазақстандық  ЖОО кәсіби орыс тілін оқытудағы мәселелері (Жанпейс У.А.- орыс тілі кафедрасының меңгерушісі,  профессор, академик МАНПО ) және т.б.