ҚазКСРО денсаулық сақтауының Халық комиссары – Чумбалов Мажит Мухамеджановичке арналған іс-шара

Қазақстан Егемендігінің 25-жылдығы және Отандық фармация шежіресі аясында фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультеті және ҚазҰМУнің Этикалық кеңесі мен ғылыми кітапхана қызметкерлерінің бірлесуімен 2016 жылдың 24 қарашасында ҚазКСРО денсаулық сақтауының Халық комиссары – Чумбалов Мажит Мухамеджановичке арналған іс-шара өтті.

Ұйымдастырушылар: Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің деканаты, ҚазҰМУ ғылыми кітапханасы, ҚазҰМУ Этикалық кеңесі, профессор Мустафина Ж.Г.

Модераторы:

Сакиповна З.Б. — Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің деканы

Мустафина Ж.Г. – Этикалық кеңестің төрайымы, ректор кеңесшісі, м.ғ.д., профессор

 

Іс-шараны фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің деканы Сакипова З.Б. ашты бағдарлама мен қонақтарды таныстырды. Тарих бетін м.ғ.д., профессор Мустафина Жанар Габиденовна ашты. XIX ғасырдың басындағы – Қазақстанның алғашқы интеллигенциясы жайлы әсерлі әңгімесін қазақ халқының зиалы ұлдары – А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин жайлы айту бастады. Оның әңгімелері тыңдаушы қауымды баурап алды. Залда отырған қайым ата-бабаларының тарихымен сусындады. Ары қарай сөз дәріханалық істің дамуынның басында тұрған Рахметова Гульжан Мендыгалиевнаға берілді «ҚАЗКСРО-дағы дәріханалық істің жандануы және фармация тарихының шежіресі». Ол Алматы қаласының №4 дәріханасының ашылу тарихын және оған Халық комиссары Чумбалов М.М. атын берілгені жайлы айтты.

ҚазҰМУнің түлегі Сихимбаева Любовь Михайловна, ЖШС «БАРНИЛ» бас директоры Алматы қаласының тарихи маңыздылығы бар дәріханаларының суреттерін жіберді.

Караубаева Айгеримнің баяндамасы ҚазКСРО денсаулық сақтауының Халық комиссары – ЧУМБАЛОВ МАЖИТ МУХАМЕДЖАНОВИЧ жайлы мұрағаттық-тарихи құжаттар, БҚО обаға қарсы станциясының жетекшісі Т.З.Аязбаевтің сұқбаты негізінде дайындалды.

Кітапхана қызметкерлері Елеукенова С.А., Абылкасымова А.К. біздің батырымыз жайлы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Қорытындыда студенттер Қазақстан Республикасында фармацияның қалыптасуы және қазақ халқының тарихы оның интеллегенция жайлы әңгімелер үшін өздерінің алғыстарын білдірді.

Чумбалов Мажит Мухамеджанович

Аптека №28