ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғұрлы Тәуелсіздік» атты факультативтік сабақ

Студенттердің азаматтық білім беру және патриотизмді қалыптастыру,  ұлттық салт-дәстүрді сақтау мақсатында 2016 жылдың 20 желтоқсанында«Шет тілді және кәсіби шет тілі» кафедрасы «Жалпы медицина»деканатымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  «Tұғұрлы Тәуелсіздік» атты факультативтік сабақ өткізді. (Жауаптылар: кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.).  Іс-шара ЖМ факультетінің 16-012-1,16-023-2  топ студенттерінің қатысуымен өтті.

Іс-шарада «Қазақстан Республикасының гимні», «Менің Отаным — Қазақстан», атты слайдтық презентациялар, Қазақстан халқының әндері, билері орындалды.  Бұл іс-шара әрбір ұлт өз тілі мен мәдениетін дамытуға құқығы бар көпұлтты мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының символы жайында алған білімдерін бекіту үшін үлес қосты.