ҚР-ғы ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ФАРМАКОБАҚЫЛАУ

Алматы қаласында 2012 жылдың 5-6 сәуірде «Фармакобақылау. Жалған дәрілік заттар (фальсификациялы)» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға халықаралық эксперттер, ТМД елдерінен дәрілік заттар айналымы сферасын бақылайтын орган өкілдері және клиникалық фармакология , формуляр жүйесінің, денсаулық сақтаудағы практик мамандар, сонымен қатар отандық және шет ел фармацевтикалық фирмалардың өкілдері келді.

Конференцияның басты мақсаты- дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі және фармакобақылау бойынша мемлекеттік жүйенің жұмысын жетілдіруге ұсыныстарды қабылдау, болып жатқан жағдайды бақылау,  фармацевтикалық нарық қатысушылары арасындағы диалогты ұйымдастыру. ТМД елдерінің Фармакобақылау Ұлттық Орталықтарымен, ДДС-мен және Халықаралық жалған дәрілік  заттармен күресу институттарымен бірігіп жалған дірілік заттардың таралуына жол бермеу әдістерін күшейту болып отыр.

Қазақстан 2008 жылдан бастап дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі бойынша ДДС Халықаралық бағдарламасының қатысушысы. Осы бағдарламаның жетекшісі Стен Олсен (Швеция, Упссала) өндірісшілердің, тұтынушылардың, бақылау органдарының, дәрігерлік және медициналық қоғамдардың күштерін бірктірсек ең маңызды гуманитарлық мәселе- науқастың денсаулығын қорғап қалуға болатынына  үлкен сенімін білдірді.

Фармакобақылау Қазақстанға 2005 жылдан бастап ене бастады. Қазіргі таңда ҚР ДСМ –гі РМК « Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканының Ұлттық экспертиза Орталығымен» дәрілік заттардың жанама әсері бойынша мониторинг жасау бөлімі ұйымдастырылды. Орталықтың атқарушы директоры Арнур Нуртаев осы жұмыстың нәтижесінде мемлекетте 40 –тан аса препараттар фармацевтикалық нарықтан алынып тасталғандығын айтты.