«Ұлы Отан соғысының батырлары: Мәншүк Маметова мен Владимир Иваниловты еске алу» кеші өткізілді

  Ұлы Жеңістің 70 – жылдығына орай  «Фармацевт-аналитик» модулінің меңгерушісі, профессор Омарова Р.А., І курс тьюторы  Ахелова А.Л.  жетекшілігімен 13 ақпанда сағат  12.00 –де «Ұлы Отан соғысының батырлары: Мәншүк Маметова мен Владимир Иваниловты еске алу» кеші өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған Алматы Мемлекеттік Медицина Институтынан барған М. Маметова мен В. Иваниловтың ерлік істерімен таныстыру. Батыр аға, әпкелеріміздің ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Олардың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

І курс «Фармация» мамандығының студенттерінің белсенді қатысуымен «Майданнан жазылған хат» көрінісін, «Соғыс жылдарындағы әндер» биін, «Ерке сылқым» күйін және Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 – жылдығына арналған деректі фильмдер  ұсынылды.

Іс-шараға факультеттің 2-4 курс студенттері, тьюторлары мен кураторлар қатысты.