Өсімдіктер әлеміне саяхат

Қазақ ұлттық университетінің табалдырығын биыл аттаған  фармацевтика  факультетінің  бірінші курс  студенттерін университет  әкімшілігінің  қолдауымен  автобус жалдап, «Гүлзар» қоғамдық  бірлестігіне апардық.Онда бізді осы бірлестіктің  директоры   Батима Кабдолданова мен Гөзел Құлжабаева қарсы алды. Болашақ фармацевтердің дәрілік  өсімдіктермен алғашқы танысуы,студенттерге үлкен әсер қалдырды. Алтын күзде пісіп жетіліп,гүлдері барынша ашылып,неше түрлі түске боялып тұрған өсімдіктермен «Гүлстан» республикалық  ғылыми  танымдық  журналының  төрайымы Гөзел Құлжабаева таныстырып, екі сағаттық дәріс оқыды.Студенттер  алдында әр өсімдіктің тарихымен,күтімі,өсіру жолдары, қолданылуымен қатар, өз мақсатын да айта кетті:”Әр шаңырақтың,мекеменің ауласын гүлдендіру арқылы, бүкіл мемлекетіміздің гүлденіп- өркендеуіне үлес қосу,табиғат- ананы аялап,жеріміздің өсімдік  байлығын қорғап дамытуға бар күш- жігерімізбен атсалысайық”-дей келе сөз соңында “Әр ауланың гүлденгені — мемлекеттің  гүлденгені”- деп студенттерге үндеу тастады.

«Фармакогнозия»  пәнінен жазда өтетін дала тәжірибесіне арнап саябақ ашып,дәрілік өсімдіктер егілсе, әрбір студент өзінің жеке өсімдігін баптап,бітірер жылы « Ең үлкен гүл ашқан өсімдік», «Ең биік өсімдік», «Ең көлемді өсімдік» сияқты сайыстарға студенттер өз өсімдіктерін  дайындаса білім үстіне білім болар еді»,- дейді  фармацевтика факультетінің деканы Датхаев Убайдулла Махамбетұлы.

Ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысатын студенттер санын көбейту мақсатында ,үйірме  жұмысын жақсы жолға қою үшін «Менің сүйікті бақшам», «Жасыл желекке жанашырлар», «Шипалы шөптер», «Өсімдік жер шарының өкпесі», «Бөлме өсімдіктерінің маңызы», «Біз өсірген өсімдік» атты  үйірмелер ашылса,студенттердің ғылыми зерттеу,экологиялық табиғатты қорғау  жұмыстарына мүмкіндіктер көп болар еді. Бірлесе отырып, университет айналасының гүлденуі үшін,студенттер бойында экологиялық мәдениет қалыптастыруға көп жұмыстар атқарамыз деп ойлаймын.

Табиғатқа бей жай қарамайтын студенттеріміз осы мәселе төңірегінде игі істерге серпін бермекші. Фармация факультетінің Ікурс студенттері факультет деканы Датхаев мырзаның ой пікірін жүзеге асырып, көгалдандыру мақсатында жер анаға саялы ағаш, аялы бақ болар жас шыбықтар отырғызбақшы. Университетіміздің берекелі шаңырақ болғанына 85  жыл толуына орай 85 көшет отырғызып, бұл гүлденер саялы бақты «Әлияның мен Мәншүк аллеясы» деп соғыста ерен ерлік көрсеткен университетіміздің мақтанышы Әлия Молдағұловаға мен Мәншүк Мәметоваға арнамақшы. Осындай игі істерді қолға алар болсақ, ең әуелі Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70  жылдығына арнап,университеттен соғысқа аттанып, ерлікпен қаза тапқан батырларымызға көрсеткен зор құрмет болып, ұрпақтарымыздың бойына ұлтжандылық пен жер анаға деген құрметті бойына сіңірер еді. Осындай өнегелі іс студенттеріміздің өсіп өнуіне әсер ететіні анық. Сондықтан жылы көктемде сүйікті университетіміздің айналасына құрметіне бақ жасамақпыз. Біздің бұл бастамамыз университет әкімшілігінің қолдауына ие болады деген үміттеміз. Игі бастаманы «Фармацевт фармакогност» модулінің меңгерушісі Ғ.М.Саякова, оқытушылары: С.Е.Келімханова, Г.М.Кадырбаева, Г.М.Берікқайырова қолдады. «Бұл жоба біздің жер анамызға деген құрметіміз, Отан алдындағы міндетіміз», дейді фармация факультетінің » 1-курс 3 тобының топ басшысы Төлеубай Мейрамгүл.

     

 

 

 Ташкуль Нұрпейісқызы,

«Фармацевт фармакогност» модулінің оқытушысы