«Өткен тарих болашақтың айнасы» атты Конференция

Қазақ Ұлттық Медицина университетінің алғашқы ректоры С.Ж.Асфендияровтың 125-жылдығына орай,»Асфендияров оқулары» атты өткізіліп жатқан іс-шараларға  байланысты, факультет деңгейінде, университет мұражайында,  орыс тілі кафедрасының оқытушылары  09.10.2014ж кафедра доценті, аға тьютор Чумбалова Г.М., аға оқытушылар Ботатаева У.А. және Турысбекова Г.Ж «Өткен тарих болашақтың айнасы» атты Конференция өткізді.

Аталған іс- шараның мақсаты: студенттерді қазақ халқының көрегенді ұлдарының бірі — С.Ж. Асфендияровтың өмірбаяны жыне қызметімен таныстыру.

Конференция қатысушылары мен тыңдармандары ғалымды мемлекет қызметкері, Қазақстан тарихы және шығыстану ғылымының маманы, бірінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы- әскери дәрігер ретінде таңыды. » Ежелгі Қазақстан тарихы», «Қазақстанның өткені тарих беттерінде», монография  » 1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық көтеріліс»,  «Қазақ халқының тарихы очеркі» ғалымның еңбектерімен танысты.

Көп ғалымдардың пікірі бойынша,  Қазақстан тарихында, халықаралық денгейде, үш атақты тарихшы  болған. Бұл Шоқан Уалиханов, Алихан Букейханов және  Санжар Асфендияров. Олардың жаңадан ұсынған тарихи көзқарастары, оларды әлемге  белгілі тарихшылардың есімінің арасынан  елеулі орында табылатын болған.