Біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп жүр ме» деген тақырыпта дебат болып өтті

27 сәуір күні фармацевтика факультеті студенттерінің қатысуымен «Біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп жүр ме» деген тақырыпта дебат болып өтті. Сайысқа фармацевтика факультетінің 2-4 курс студенттері қатысты. Сайыс барысында екі жақ та өз ой пікірлерін дәйекті, әрі толық жеткізе білді. Сыбайлас жемқорлық оқиғалары жиі тіркеледі деп университетімізге тағылған айыптың дұрыстығы туралы екі жақты пікірлер сарапқа салынды.