Визитинг-профессор Калинкович Александр

ҚазҰМУ-нің фармакология кафедрасының шақыруымен 2013 жылдың 7 қазаннан 19 қазан аралығында Вейцманн Ғылыми Институтының (Израиль) ассоциирленген профессоры, визитинг-профессор Калинкович Александр оқыту дәрістерін жүргізді.

Визитинг-профессор Александр Калинковичтың университетте болуы «Фармакологиядағы және қазіргі заманға сай медицинадағы бағана жасушалары» тақырыбы бойынша дәрістер оқылып және оқыту семинарларын өткізу қамтылды. Оқыту барысында қазіргі заманға сай медицинада, иммунофармакология жетістіктерінде, ЖИТС және аутоиммундық ауруларды емдеу және алдын алудың соңғы жетістіктерінде бағана жасушаларын қолдану сұрақтары қамтылды. Осы оқыту бағдарламасы бойынша кафедраның оқытушылары және стажерлар, «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация» мамандықтарының 2-3 курс студенттері, «Фармация» мамандығының магистранттары және докторанттары, сонымен қатар фармакологиядан ғылыми студеттер үйірмесінің мүшелері дәріс алды.

Болашақта ағзаның қалыпты қуыстарын сауықтыру мақсатында пробиотикалық препараттардың жаңа дәрілік қалыптарын жасау төңірегінде Вейцманн Ғылыми Институтымен және профессор Калинковичпен бірігіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жасау жоспарланып отыр.

1

Профессор А. Калинкович фармакология кафедрасының оқытушыларымен

2

Профессор А. Калинкович фармакологиядан студенттердің ғылыми үйірмесі отырысында

19 қазан 2013 ж.

3

Дәріс кезінде