«Ел мақтанышы — Елбасы», «Көк байрағым – желбіре» тақырыбына мерекелік іс-шаралар өткізілді

21.12.2016ж. ҚазҰМУ №6 жатақханасында шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының аға оқытушылары, шетел студенттері деканатының тьюторлары Б.М. Кайбалдиева (15-053 ЖМ), А.А. Баянбаева (15-056), А.С. Ибраева (14-054, 14-055 ЖМ) және оқыт А.А. Бижанова (15-057 ЖМ), С.Т. Салпебаеваның (15-045ЖМ) ұйымдастыруымен, тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ел мақтанышы — Елбасы», «Көк байрағым желбіре» тақырыбына мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

а) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

ә) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

б)Студенттерді еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
в)Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.