“Тіл — татулық тірегі”

Жеке жұмыс жоспарына және орыс тілі кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, аға оқыт. З.Қ.Көкеновамен 2013 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдер Күніне орай Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департементімен бірлесіп, департамент мекемесінің мәжіліс залында Тіл фестивалін «Медицина саласындағы мемлекеттік тіл» атты ҚР қоғам қайраткерлерін, зиялы қауым өкілдерін шақыруымен : ( М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әуезовтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Г.Ж.Пірәлі, А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл білімі» институты директорының орынбасары ф.ғ.к. А.М.Фазылжанова, «Ана тілі» газеті редакциясы бас рекдакторының бірінші орынбасары Домбай Нұрперзент, «Тіл» оқу- әдістемелік орталығының аға оқытушысы Аюбай Кәкімбек, Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының өкілі, ақын, жазушы Байтұрсынұлы Дәулетбек, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Тілдік даярлық орталығының директоры ф.ғ.к., доц. Н.Ә.Төлеева, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесінің департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі, экономика ғылымының кандидаты Е.К.Ақылжанов ) және ҚАЖК департаментіне қарасты барлық мекемелер өкілдері қызметкерлерінің, С.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ 1 курс ЖМ факультетінің тьютор тобы 24 (1-2) және 21 оқу тобы белсенді қатысуымен I кезеңде Тілге арналған конференция ұйымдастырылып өткізілді. Конференция барысында қонақтар, нағыз тілжанашырлары баяндамалар жасады, соңында пікіралмасу, ойбөлісу өткізілді. Сонымен іс- шараның II кезеңінде «Тіл — татулық тірегі» тақырыбында командалар арасында тіл сайысы ұйымдастырылды. Біздің «Шипагер» деген командамыз да сайыстың барлық кезеңдеріне белсене қатысты: сөз тапқырлық, денсаулыққа қатысты мақал мәтелдер, іс қағаздарынан аударма жұмысы, терминдермен түсіндірме жұмыс жүргізу, өз өнерін көрсету, сахналық қойылым бойынша студенттер өздері «Басня Эзопа» деген мысал аңызды орыс тілінен қазақ тіліне аударып, Ежелгі Грекияның философы Эзоп туралы қатысушылар сомдап берді.

 

2013 жылдың 11 қыркүйегі

Орыс тілі кафедрасы